logo

Шымкентте Президент Жолдауы бойынша жиын өтті

Таңдаулы Шымкентте Президент Жолдауы бойынша жиын өтті
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 85 рет

Шымкент қаласы әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»тақырбындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында межеленген міндеттер бойынша кеңейтілген қала активінің мәжілісі өтті.

Қала әкімі Ерлан Айтахановтың төрағалығымен өткен жиында биылғы Жолдаудың нақты бағыт-бағдарыталданып, негізгі міндеттерді жергілікті жерде іске асыру жайы сөз болды.
–Жолдау мемлекетіміздің даму қарқынын арттырып, барлық салаға серпін беретін маңызды құжат. Сондықтан онда айқындалған бағыттарға басымдық беріледі. Шымкент келесі жылы ТМД-ның басты мәдени қаласы ретінде таңдалғаны белгілі. Мерейлі мерекенің жоғары дәрежеде өтуі үшін қазір дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Осы орайда Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін шымкенттіктер бар күш-жігерін қосатынына сенімдімін, – деді қала әкімі.
Айта кетейік, мәжіліске қала әкімі, қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, салалық басқарма басшылары, мәслихат депутаттары, қаладағы аумақтық мемлекеттік органдардың жетекшілері, құқық қорғау органдарының басшылары, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, ардагерлер, зиялы қауым, жастар ұйымдарының өкілдері, журналистер мен блогерлер қатысты.