logo

Шымкент: Жазда 4554 тәлімгер діни сауат ашты

Таңдаулы Шымкент: Жазда 4554 тәлімгер діни сауат ашты
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 93 рет

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаевтың жетекшілігімен маусым, шілде, тамыз айларында шаһардағы мешіттерде жұмыс істеген діни сауат ашу курстарының жұмыстары қорытындыланды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі хабарлады.

Жазғы мезгілде Шымкент қаласы аумағындағы 65 мешітте діни сауат ашу курстары талапқа сай жүргізіліп, 4554 тәлімгер діни, имандылық бағытта білім алған.
Сондай-ақ, қаладағы орталық мешіт жанынан екі қабатты 300 орынға арналған ғимарат салынып, ол діни ілім алушылардың игілігіне берілген. Еңселі ғимаратта діни сауат ашу курсын жүргізу үшін лайықты жағдайлар жасалып, ондағы сынып бөлмелеріне кезінде дін саласында еңбектенген жергілікті имамдардың есімдері берілген.
Сала мамандары өткен дәрістер арасында тәлімгерлердің ой-өрісін дамыту бағытында өңірдегі тарихи, киелі орындарға зияраттар ұйымдастырылып, олардың тарихы түсіндірілген.
Айта кетейік, биылғы жазғы маусымда Шымкентте діни сауат ашқан төрт жарым мыңнан астам тәлімгердің 3284-і ер бала болса, қалған 1270-ін қыздар құрап отыр.