logo

Шымкентте үш күндік семинар басталды

Таңдаулы Шымкентте үш күндік семинар басталды
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 91 рет

Шымкентқаласындағы «Aidana Plaza»қонақүйінде«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұйытқы болуымен үш күндік семинар басталды. 

Техникалық реттеу, метрология және сапа менеджементі саласындағы қызметкерлердің біліктілігін көтеруді көздеген шараға Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан жүзге жуық маман қатысуда.
3-5 қыркүйек аралығындағы семинарда Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңы, Еуразиялық Экономикалық Одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) техникалық регламенттерін қолдану ерекшеліктері, минералды тыңайтқыштарға қойылатын талаптар мен ЕАЭО-дағы стандарттау жүйесі, метрология саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық құжаттарға байланысты мәселелер жан-жақты айтылатын болады.
Семинарды Қазақстан Республикасының Техникалық регламентінәзірлеушілер, өнеркәсіптің алдыңғы қатарлы секторларының мамандарымен басқа да салалық бағыттар бойынша білікті сарапшылар өтеді.
«Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша филиалы жауапты мамандарының айтуынша «Индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған семинар техникалық реттеу саласындағы қызметкерлердіңбілім-білігін көтеруді және қайта даярлауға бағытталған.
Айта кетейік, семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға білім алғанын растайтын сертификаттар табысталмақ.