logo

Шымкенттік этностардың 70 пайыздан астамы мемлекеттік тілді меңгерген

Таңдаулы Шымкенттік этностардың 70 пайыздан астамы мемлекеттік тілді меңгерген
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 106 рет

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын тыңдап, өз ойымен бөліскен Шымкент қалалық түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Бегалы Байрамов айтты. 

– Жолдауды тыңдадым әрі жазбаша нұсқасымен таныстым. Аталған құжатта Президенттің халықтың көкейінде жүрген барлық маңызды мәселелерді қозғағанын аңғардым.Жолдауда еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасала беретіндігін айтылып, қазақ тілінің рөлі күшейту жайына ерекше назар аударылды. «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», – деді Президент.
Мемлекеттік тіл – барша қазақстандықтарды біріктіретін басымдықтардың бірі, деген Байрамов. Қазақ тілі туралы өз ойын білдірді.
– Елде тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды. Пікір бірлігі болмаған жерде береке болмайды. Бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай ынтымаққа, бірлікке қызмет етіп келе жатқан этномәдени бірлестіктер мемлекеттік тілдің аясының кеңеюіне, ортақ қатынас тілге айналуына әрқашан мүдделіміз. Өйткені, біздің мақсатымыз бір, мүддеміз бір. Қиын қыстау кезеңде барша этнос өкілдеріне пана болған Қазақ елінің бірлігі бекем, тұғыры биік мемлекет болуын қалаймыз», – деді қалалық түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары.