logo

Үкімет басшысының орынбасары Жолдау аясында атқарылатын жұмыстарға тоқталды

Таңдаулы Үкімет басшысының орынбасары Жолдау аясында атқарылатын жұмыстарға тоқталды
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 100 рет

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясында қандай жұмыстарға маңыз берілетінін мәлімдеді. 

Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, алда қолданыстағы тіл жөніндегі бағдарламаға өзгерістер енгізіледі.
«Білімнің сапасын арттыру жөнінде Мемлекет басшысының нақты тапсырмасы бар. Қолданыстағы оқу бағдарламаларына қазіргі заман талабына сай керекті мамандықтар бойынша өзгерістер енгізу мәселесі бар. Келесі мәселе – ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасының айырмашылығын азайту. Соған байланысты әсіресе кішігірім мектептердің жағдайын жақсарту, мектептердегі мұғалімдердің жағдайын жақсарту, балаларға тиісті жағдай жасау жұмыстары қолға алынып, қосымша «Дипломмен ауылға» бағдарламасына өзгерістер енеді», –деді ол.
Сондай-ақ, білімді балаларға жағдай жасау бағытында Үкіметке тапсырма берілгеніне тоқталды.
«Осы жөнінде Жол картасын дайындаймыз. ЖОО-ларға талдау жасалып, экономикаға керек емес мамандарды азайту туралы тапсырма берілді. Қаржыландыру саласында да өзгерістер болады. Негізгі қаржыландырулар облыстық деңгейге өткізіледі», –деді
Премьер-Министрдің орынбасары Мемлекет басшысы тарапынан мәдениетжәне спорт мәселесіне ерекше маңыз бергенін айтты.
«Өздеріңіз естігендей, Мемлекет басшысы мәдениет саласына ерекше көңіл бөліп отыр. Әсіресе, мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын көбейтуге маңыз берілді. Спорт саласының материалдық-техникалық базасын дамыту жөнінде нақты тапсырма бар, –деді Б.Сапарбаев.