logo

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға 58 млрд. Теңге бөлінбек

Таңдаулы Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға 58 млрд. Теңге бөлінбек
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 87 рет

Нұр-Сұлтан қаласында Парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялады. 

Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық және әлеуметтік тұрғыда қолдау үшін алдағы үш жылда 58 млрд. теңге бөлуді тапсырды.
–Отбасы институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру, балалардың құқығын қорғау, тұрмыстық зорлыққа қарсы күресу – біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі болуы керек. Жасөспірімдер арасындағы суицидтің көбеюуі бізді алаңдатуы тиіс. Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды оңалтуға арналған бағдарламаны әзірлеуіміз керек. Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылармен де ерекше жұмыс жүргізген абзал. Тек ресми статистикаға сүйенсек, елімізде мүмкіндігі шектеулі 80 мың бала бар. Үкімет сал ауруына шалдыққан балаларды медициналық және әлеуметтік тұрғыдан қолдау жұмысына маңыз беруі тиіс, –деді Қ.Тоқаев.
Президент айрықша қамқорлық пен қолдауды қажет ететін балаларға тең мүмкіндік жасалуы тиіс екенін атап өтті.
–Мен бұлтуралы өзімнің сайлау алдындағы тұғырнамамда айттым. Енді Үкіметке бұл бағытта алдағы үш жылда 58 млрд теңге бөлуді тапсырамын, –деді Мемлекет басшысы.