logo

Биыл 6 мың отбасы 2 пайыздық ипотека алады

Таңдаулы Биыл 6 мың отбасы 2 пайыздық ипотека алады
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 81 рет

Келер жылдан бастап жылсайын 10 мың отбасы «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша баспаналы болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтты. 

– Үкіметке тұрғын үй құрылысының бірыңғай моделін дайындап, өзара алшақ бағдарламалар қабылдаудан кетуді тапсырамын. Мысалы, «7-20-25» бағдарламасы обаста әлеуметтік бағдарлама болады деп күтілген. Қарыз алушының отбасылық орташа табысы айына 320 мыңтеңге болуы керек еді. Табысымардымсыз адамдардың қалтасы ол бағдарламаға қатысуды көтермейтін болып шықты. Сондықтан, биыл Елбасының бастамасымен жеңілдік мөлшерлемесі 2 пайыз, алғашқы жарнасы 10 пайыз болатын «Бақытты отбасы» атты жаңа бағдарлама іске қосылды. Бұл айтарлықтай тиімді шарт. Жыл соңына дейін алтымыңға жуық отбасы осы бағдарлама бойынша баспаналы болады. Бірінші кезекте көпбалалы отбасылармен мүгедек бала асырушы жанұялар қамтылады. 2020 жылдан бастап жыл сайын 10 мың осындай отбасы баспанамен қамтылады, –деген Мемлекет басшысы Үкіметке аталған бағдарламаға қатысудың нақты критерийлерін әзірлеуді тапсырды.
–Қолдау тек шыныменде мұқтаж адамдарға көрсетілуі тиіс. Үкіметке алдағы 3 жылда кезекте тұрған аз қамтылған, көп балалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесін шешуді тапсырамын. Олардың саны қазір 30 мыңға жуық. Табысы жоқ азаматтарға жеке баспана сатып алу үшін әлеуметтік аренда шарты бойынша мүмкіндік беру керек. Бұлмақсатқа 2022 жылғақарай 240 млрд.теңгеқарастырылған, –деді Президент.