logo

Айтаханов ОҚМУ студенттерін білім күнімен құттықтады

Таңдаулы Айтаханов ОҚМУ студенттерін білім күнімен құттықтады
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 67 рет

1 қыркүйек – Білім күніне орай, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде салтанатты жиын өтті. 

Игі іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалытөрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали, «САУТС ОЙЛ»компаниясының президенті, меценат Серікжан Сейітжановжәне оқу орынының қатысты.
Қала басшысы өз сөзінде шымкенттіктердің 30 пайызға жуығын жастар құрайтын айтып, жас буыннан бүгін сапалы білім алуды және ертең ел игілігі үшін еңбек етуге шақырды. Білім күнімен құттықтап, жаңа оқу жылының басталуына орай, оқытушылар мен студенттерге сәттілік тіледі.
Мерекелік жиында аталған жоғары оқу орнында талай жылдан бері еңбек етіп, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген бірқатар оқытушылар мен ғалымдарқала әкімінің арнайы Алғыс хаттарымен марапатталды. Білім, ғылым, өнер, мәдениет және спорт саласында биік шыңдарды бағындырған студенттерінің жетістіктері баяндалды.
Сондай-ақ, биылғы жазғы демалыста 500-ден астам студенттің құрылыс отрядтары қатарындажұмыс істеп, теориялық білімдерін практикалық іс-тәжірибемен ұтымды ұштастырғаны айтылды.