logo

Шымкентте 4 жаңа мектеп ел игілігіне берілді

Таңдаулы Шымкентте 4 жаңа мектеп ел игілігіне берілді
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 185 рет

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов пен қалалық мәслихаттың хатшысы Ғани Ташқараев Абай ауданына қарасты «Қызылжар» шағынауданында жаңадан бой көтерген 900 орындық мектептің ашылу салтанатына қатысты. 

Жаңа оқу жылы қарсаңында жаңа мектептің ашылуын жағымды іске бағалаған қала басшысы Е.Айтаханов осы шағынауданда тұратын оқушылар мен ата-аналарды және ұстаздарды 1 қыркүйек – Білім күнімен құттықтады.
– Биылғы жаңа оқу жылын Шымкент қаласының білім саласы 131 мемлекеттік жəне 17 жекеменшік мектеппен бастап отыр. Бүгін 21 мыңнан астам бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттаса, жалпы, қалада 200 мыңға жуық оқушы орта білім алмақ. Осы игі іс жалғасын тапсын! Жаңа оқу жылы құтты болсын! – деді қала əкімі.
Жалпы, білім күні қарсаңында Шымкенттегі білім мекемелері 4 жаңа мектеппен және 1 мектеп жанынан салынған қосымша ғимаратпен толықты.
Айта кетейік, бүгін шаһардың «Шаңырақ» (600 орындық), «Таскен» шағынаудандары(300 орындық) мен әкімшілік-іскерлік орталықта (1200 орындық)салынған жаңа мектептер мен «Сәуле» шағынауданындағы №76 мектеп жанындағы қосымша ғимараттар (оқу ғимараты, спорт залы, шеберхана, асханамен)ел игілігіне тапсырылды.