logo

Шымкент пен Елорда арасына бюджеттік ұшақтар қатынайды

Таңдаулы Шымкент пен Елорда арасына бюджеттік ұшақтар қатынайды
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 84 рет

Отандық «Fly Arystan» бюджеттік әуе компаниясы «Шымкент – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша жолаушылар тасымалдайтынын хабарлады.

2019 жылғы 3 қазаннан бастап, «Airbus A320» лайнерінде орындалатын бағыттарға билет құны 6999 теңгеден басталады және 180 орындық әуе кемесі тұрақты қатынайтын болады. Билеттер қазірден бастап сатылымға шығарылған.
Жаңа бағыттар бойынша билеттер сатылымы 2020 жылдың 28 наурызына дейін ұшатын рейстерге ашық. Сондай-ақ, жол жүру билеттерін әуе компанияның «‪flyarystan.com»‬ сайты арқылы брондауға жағдай жасалған. ‬
Сайттағы хабарламаға қарағанда біржақты билет құны, әуежай алымдарын қамтиды және кездейсоқ орын мен 5 кг. қолжүгі билет құнына кіреді. Сондай-ақ, әуекомпания ең төмен бағамен сатылатын билеттер саны шектеулі екендігін және де ол билеттердің тез сатылып кететінін ескертеді.
Айта кетейік, биылғы мамырда «Fly Arystan» авиакомпаниясының Алматыдан Шымкентке ұшқан алғашқы әуе лайнерін Шымкент әуежайынан қала басшылығы мен «Air Astana» авиакомпаниясының президенті күтіп алып, отандық әуе компаниясының жұмысына сәттілік тілеген болатын.