logo

Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» байқауы басталу алады

Таңдаулы Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» байқауы басталу алады
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 87 рет

Қазақстан аумағын қамтитын «Қайырымдылық керуені ІІ» байқауы биыл 2 қыркүйекте бастау алады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов айтты. 

29 қарашаға дейін жалғасатын конкурс 5 аталым бойынша үздіктерді анықтамақ. Атап айтқанда, «Асар», «Туған жер», «Қайырымдылық тарихы», «Мейірім жолында», «Батыл жүрек» аталымдары бойынша әуелі әр облыстың үздіктері анықталып, кейін олардың арасынан республикалық кезеңнің жеңімпаздары іріктелмек.
Байқау ҚР Тұңғыш Президенті қорының, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының, «Хабар» агенттігі мен «КТК» арналарының қолдауымен биыл екіншіт рет өтпек.
ҚР Тұңғыш Президенті қорының атқарушы директорының орынбасары Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте арамызда өз ісін жарнамалауды жақтырмайтын қайырымды жандар өте көп екенін атады.
– Бұл конкурсты грант пен сыйлық табыстайтын адам іздеу үшін өткізіп отырған жоқпыз. Әрине, сыйлық та, грант та болады. Бірақ, негізгі мақсатымыз – ізгілікті насихаттау. Адамнан адамның көмек сұрауы оңай емес. Бірақ, біреудің көмегіне мұқтаж болатын кез бәріміздің басымызда болуы мүмкін. Ондай сәттерде қолын созуға дайын жандар қоғамда баршылық. Біздің міндет – соларды жарыққа шығару, – деді Игорь Рогов.
Оный айтуынша, былтыр аталмыш конкурсқа 97 өтінім түскен. Соның сегізі іріктеуден өтіп, 5 номинация бойынша лауреат атанған. Конкурсқа қатысушылар үшін жас бойынша шектеу жоқ. Оған жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да үміткер бола алады.