logo

Шымкенттегі диагностикалық орталық үздіктердің қатарында

Таңдаулы Шымкенттегі диагностикалық орталық үздіктердің қатарында
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 88 рет

Шымкент қаласындағы диагностикалық орталық аккредиттеу қорытындысы бойынша шаһардағы медициналық ұйымдар арасында алғашқылардың бірі болып жоғары санатқа ие болды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Сала мамандарының айтуынша, жоғары санатты сертификат – бұл денсаулық сақтау субъектісі қызметінің Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі туралы куәландырады. Бір жағынан медициналық ұйымды аккредиттеу – мекеменің пациенттерді қабылдау және емдеу үшін қажетті медициналық жағдайлардың жасалғанын ресми тануды білдіреді.
Аккредиттеудің негізгі міндеті – медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту, науқастар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Еді науқастар аккредиттелген орталықтағы білікті мамандар тарапынан жоғары сапалы көмек ала алады. Сонымен қатар, аккредиттеу медициналық мекемелерге кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету үшін мемлекеттік тапсырысты жеңілдікпен орналастыруға құқық береді.
Айта кетейік, күн сайын мыңға жуық адамға қызмет көрсететін диагностикалық орталықта 257 маман қызмет етеді. Олардың 93-і дәрігер болса, 91 медициналық персонал. Орталықтың 36 бейінді маманы 350 диагностикалық және 300-ден астам зертханалық зерттеулер жүргізеді.