logo

Шымкент: Прокуратураның алқа мәжілісі өтті

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 78 рет

Шымкент қаласының қылмыстық қудалау органдарымен 2019 жылдың 6 айында қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алу-тіркеу тәртібіне жүргізілген тексеріс нәтижелерін талқылау бойынша қала прокуратурасының алқа мәжілісі өтті. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады. 

Мәжіліс отырысына қала аумағындағы құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда Шымкент қаласының аумағында 2019 жылдың 6 айында жалпы 7880 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 1240 қылмысқа немесе 13,3 пайызға төмендеген.
Шымкент қаласының прокуроры Мақсат Қожабаевтың төрағалығымен өткен жиында қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алу-тіркеу тәртібі бойынша заңдылықты бұзушылықтар қылмыстық қудалау органдарымен жылдан жылға әлі жалғасып келе жатқаны айтылды. Атап айтқанда, қалалық полиция органдарымен есептен жасырылған 46 қылмыстық құқық бұзушылықты және өздерінің ведомстволық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында дерекқорға қоғамдық орында, бұрын сотты болғандармен, мас хәлде жасалған қылмыстарды енгізбегені және ауыр қылмыстарды жеңіл санаттағы қылмыстарға қайта дәрежелеу деректері анықталған.
Орын алған кемшіліктермен заңбұзушылықтар бойынша қала прокуратурасымен қалалық полиция департаментіне прокурорлық ықпал ету актісі енгізілген, қазіргі таңда қаралу сатысында.
Мәжіліс қорытындысы бойынша құқық қорғау органдармен заңсыздықты жоюға бағытталған бірқатар іс-шаралар түзіліп, алдағы міндеттер айқындалды.