logo

Шымкент: Үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көбеймек

Таңдаулы Шымкент: Үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көбеймек
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 74 рет

Шымкент қаласы әкімдігінде Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылау бойынша Нұр-Сұлтан қаласымен қосылған бейнеконференция ұйымдастырылды. 

Аталған кеңеске Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Бектаева және қала аумағында әрекет ететін 15-ке жуық үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері қатысты.
Мемлекеттік емес секторды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша құжатта 7 қадам нақтыланған.
Олар:
1.Азаматтық белсенділікті арттыру;
2.Тараптардың диалогын дамыту;
3.Қоғамдық бастамаларды дамыту;
4. Азаматтық қоғам институттарының тұрақты дамуы;
5. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және әлеуметтік кәсіпкерлік;
6. Ашық мемлекет;
7. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Жиында жоғарыда аталған қадамдар бойынша өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныс, пікірлері тыңдалып, оларды іске асырудың тиімді тетіктері талқыланды.
Өз кезегінде шымкенттік үкіметтік емес ұйым өкілдері белсенділік танытып, бірқатар ұсыныстарын білдірді. Олар – мемлекеттен бөлінетін грантты алуда қағазбастылықты азайту. Ондағы ашықтық пен талаптарды жеңілдету. Әлеуметтік тапсырыстар бойынша көп жылдық және тұрақтылықты қамтамыз ету. Әлеуметтік тапсырыстардың санын көбейтіп, пропорция ұстану. Экология, денсаулық саласы, әйел теңдігі мен құқықтары, бала денсаулығы, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылықты арттыру секілді бағыттарды барынша қамту жайында нақтылы ұсыныстарын айтты.
Жиын соңында бейнеконференция белсене қатысқан ҮЕҰ жетекшілеріне алғысын білдірген Ж.Бектаева алда нақтылы жобаларды бірлесе мақсатты іске асыруға шақырды