logo

Шымкентте көп балалы аналар ардақталды

Таңдаулы Шымкентте көп балалы аналар ардақталды
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 88 рет

Шымкент қаласы аумағындағы аудан әкімдіктерінде көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградалары табысталуда.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 27 шілдедегі №80 Жарлығына сәйкес Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов 7 бала тәрбиелеп, өсірген 4 анаға «Алтын алқа» және 6 бала бағып отырған 14 анаға «Күміс алқа» наградасын куәлігімен бірге табыстады.
Өз сөзінде Ғ.Мәуленқұлов Тәуелсіз Қазақстанның соның ішінде Шымкент қаласының демографиялық әлеуетін арттыруға үлес қосып жүрген ардақты аналарға алғысын жеткізіп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты.
– Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан үлестеріңіз үшін айрықша алғыс білдіремін. Әр ананың арманы – баласын биіктен көру. Ұл-қыздардың тілегі – ата-ананың амандығы. Баршаңызға денсаулық, қажымас қайрат тілеймін! Лайым, өсіріп отырған ұл-қыздарыңыздын қызығын көріп, бірге қуанып жүре беріңіздер, деді аудан басшысы.
Айта кетейік, бүгінде Әл-Фараби ауданы бойынша 4900 көп балалы ана бар, олардың 351-і «Алтын алқа», 1300-і «Күміс алқа» иегері.