logo

Сенатор шымкенттік көп балалы анамен кездесті

Таңдаулы Сенатор шымкенттік көп балалы анамен кездесті
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 78 рет

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова Шымкентке жасаған жұмыс сапары аясында үйінен кәсіп ашып, оны дөңгелетіп отырған көп балалы кәсіпкер ана Тілләгүл Қарсыбаеваның шаңырағында болды. Бұл туралы «Шымкент келбеті» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Сенатор шартты атаулы көмектің аясында тігін цехын ашқан көп балалы анамен әңгімелесіп, шаһардағы әлеуметтік реформалардың жүзеге асу барысымен танысты.
Өз кезегінде «Күміс алқа» иегері Т.Қарсыбаева сенаторға ашқан цехын көрсетіп, атаулы әлеуметтік көмек арқылы 6 баласына 496 мың теңге алғанын және ол қаражатқа тігін машиналарын сатып алып жұмысын бастағанын айтып берді.
Кездесу барысында сенатор мемлекеттік қолдау шараларының аясында көп балалы отбасылар жаңа мүмкіндіктерге ие болғанын баядады. Ал кәсіпкер ана қаладағы базардан сауда орны керектігін айтып, халық қалаулысына өтінішін жеткізді.
Ал, сенатормен бірге көп балалы ананың үйіне барған Шымкент қалалық «Халықты жұмыспен қамту орталығы» директорының міндетін атқарушысы Шағдат Әсетұлы аталған атаулы әлеуметтік көмекті алуға 68 мың отбасы құжат тапсырып, оның 40 мыңға жуығы қаражатқа қол жеткізгенін айтты.