logo

Шымкент жастары Қытайға аттанды

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 83 рет

Шымкент қаласы әкімдігі мен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігі арасындағы келісімге сәйкес бір топ шымкенттік жастар Қытайға аттанды. 

Миллиардтан астам тұрғыны бар көршілес елдегі тың тәжірибелермен танысуды көздеген делегация ондағы білім беру, жастарды қолдау, кәсіпкерлік, логистика сынды салалардағы жетістіктерді өз көздерімен көрмек.
Құрамына 40-тан астам шымкенттік жастар енген топ арасында қала әкімі аппарты басшысының орынбасары Г.Асылбекова, қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Ж.Қалтаев, қалалық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Н.Тәңірберген, жас кәсіпкер Д.Мамирханов, «Оңтүстік Рабат» газетінің бас редакторы Ж.Нұрыш, «Айғақ» телеарнасының журналисі Т.Нарбай және т.б. белсенді жастар Қытай Халық Республикасы аумағында 7 күн болады.
Делегация мүшелері апта бойы жалғасатын сапар аясында Қытайдың Бейжің, Шанxай, Сиянь және Шэньси сынды ірі 4 шаһарына барып, көршілес елдің мәдениеті мен салт-дәстүрін, туристік әлеуеті мен кәсіпкерлік саласын және тариxи-мәдени орындарын, логистикалық базаларын аралауы межеленген.