logo

Шымкентте консультативтік-диагностикалық орталық ашылды

Таңдаулы Шымкентте консультативтік-диагностикалық орталық ашылды
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 69 рет

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты №1 қалалық клиникалық ауруханасы аумағында консультативтік-диагностикалық орталық ашылды.

Алдағы уақытта аталған орталықта жоғары білімді және жоғары санатты дәрігерлер қабылдау жүргізбек. Аурухана аумағындағы консультативтік-диагностикалық орталықта амбулаторлық емханалық бағытта тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және ақылы түрде медициналық қызмет түрлері көрсетіледі. Ескеретін бір жағдай осы орталықтағы ақылы қызмет түрлерінің бағасы Шымкент қаласы аумағындағы өзге денсаулық сақтау мекемелерімен салыстырғанда төмендігімен ерекшеленеді.
Орталықта диагностикалық тексеру түрлері: магнитті-резонанстық томография, компьютерлік томография, ультрадыбысты зерттеу, фиброгастродуоденоскопия (ФГДС), электрокардиография, физиоемдеу бөлмелері мен рентгенография, клиникалық, гематологиялық, биохимиялық, бактериологиялық зерттеулер жасалады.
Жаңадан ашылған консультативтік-диагностикалық орталықта хирург, лор, жақ бет хирургы, терапевт, травматолог, невропатолог, уролог, практолог, гинеколог, нейрохирург, нефролог, физиотерапевт, трансплантолог сынды түрлі медицина салалары бойынша жоғары білікті әрі тәжірибелі дәрігерлер сапалы қызмет көрсетеді.