logo

Шымкентте «Денсаулық жолы» акциясы жалғасуда

Таңдаулы Шымкентте «Денсаулық жолы» акциясы жалғасуда
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 80 рет

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен қаланың шеткі тұрғын алаптары мен елді мекендеріндегі жергілікті халыққа білікті дәрігерлерден құралған топ жылжымалы медициналық кешенмен барып, медициналық көмек көрсетуде. 

Дәрігерлер Шапырашты елді мекенінде қабылдау жүргізіп, жергілікті тұрғындар үшін тегін диагностикалық тексеру жұмыстарын өткізді. 400-ден астам жергілікті тұрғынға медициналық қызмет ұсынды. Атап айтқанда, тіс емханасының дәрігерлері жылжымалы медициналық қондырғының көмегімен тұрғындардың ауыз қуысы мен тісін тексерсе, ультра дыбыстық зерттеу қондырғысымен және флюраграфиялық аппаратпен сала мамандары диагностикалық тексеру жұмыстарын жүргізді.
«Денсаулық жолы» акциясы аясында дәрігерлерге қаралған азаматтар «Саламатты әдеттер» марафонына да қатар қатысты. Атап айтқанда, мұнда тұзды шамадан тыс тұтынудың зияндылығы, суды өз мөлшерімен тұтыну, жеміс-жидектердің пайдалы тұстары түсіндіріліп, дене қозғалысын арттыру жайы айтылды.
Естеріңізге салайық, «Денсаулық жолы» акциясы 31 тамызға дейін жалғасып, білікті дәрігерлер 19-22 тамыз аралығында қала шетіндегі Тұрдыабад, Сайрам, Өтеміс елді мекендерінде қабылдаулар жүргізбек.