logo

Шымкентте үздік полиглот анықталды

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 60 рет

Шымкент қаласында «Тілдің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыру, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және үш тілді жетік меңгерген жастарды ынталандыру мақсатында «Полиглот» байқауы өтті.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті ұйытқы болған іс-шараға аталған мекеменің құрылымдық бөлімдерінде жұмыс істейтін қызметкерлер қатысып, өздерінің қазақ, орыс, және ағылшын тілдерін жетік меңгергендігін көрсетті.
Жеке құрам сапынан іріктелген қызметкерлер өздерінің үш тілде көсіле сөйлеп, сауатты жаза алатынын және өз ойларын еркін жеткізе алатынын қазылар алқасы алдында дәлелдеді.
Бес кезеңнен тұратын байқауда конкурсанттар берілген тапсырмаларды мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орындап, қазылар алқасына өздерінің тілдерді жетік меңгергендігін және практикалық дағдылар мен сөйлеу мәнерін еркін оқып-үйренгенін паш етті.
Байқауға қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Ерғали Бахаев, тілдерді оқыту орталығының оқытушылары Мақпал Әбдіжәлілқызы мен Гүланар Анарбекқызы қазылық жасады.
Конкурс нәтижесі бойынша барлық қатысушылар грамоталармен марапатталып, жеңімпазға қыркүйек айында Көкшетау қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама табысталды.