logo

Шымкент қаласының әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

Таңдаулы Шымкент қаласының әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесті
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 201 рет

Бұл туралы қала әкімдігінің «shymkent.gov.kz» ресми сайты хабарлады. 

Шымкент қаласының басшысы Ерлан Айтаханов кәсіпкерлердің проблемасын тыңдау мақсатында қала әкімдігінде арнайы жиын өткізіп, жергілікті бизнес қауымдастықтың өкілдерімен жүздесті. Жиынға шағын және орта бизнес өкілдері, ірі кәсіпкерлер мен кәсіпкерлерге қолдау көрсететін ұйымдар мен салалық мемлекеттік мекемелердің жауапты қызметкерлері қатысты.
Басқосуда кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының орындалу барысы, жаңа жобалар мен оларды жүзеге асырудағы кедергілер туралы ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, проблемаларды шешу жолдарын талқылап, қала басшылығына ұсыныстарын жеткізді.
Ерлан Айтаханов қала экономикасы үшін кәсіпкерлік саласының маңыздылығына тоқталып, Шымкентте шағын және орта бизнесті дамытудың әлеуеті зор екендігін айтып, кәсіпкерлерге қолдау шаралары мақсатты түрде жалғасатынын мәлімдеді.
Қала әкімі іскер азаматтарды қарапайым заттар экономикасы мен қала тұрғындарын сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылық саласындағы жобаларды жүзеге асыруға шақырып, алдағы уақытта шымкенттік кәсіпкерлермен тұрақты түрде кездесіп тұратынын айтты.