logo

Шымкентте бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 92 рет

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Халықты жұмыспен қамту орталығы» бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді. 

Жәрмеңкеде шымкенттік жұмыссыз азаматтарға 1600-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды.
– Жәрмеңкеде тұрақты жұмысқа, «Жастар практикасы», қоғамдық жұмыстар мен жұмыспен қамту орталығында беріліп жатқан мемлекеттік гранттар, атаулы әлеуметтік көмек бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бір сағат ішінде 150 азаматқа жолдама үлестірілді. Педагог, дәрігер, құрылысшы, аграрлық сектор бойынша мамандар сұраныста. 1600 бос жұмыс орынына жолдама беріледі. Ал Жастар жылына орай 2017-2019 жылы жоғары оқу орнын тәмамдаған жастарға «Жастар практикасымен» 2000 орын қарастырылып отыр, – дейді қалалық «Халықты жұмыспен қамту орталығы» директорының міндетін атқарушы Әсет Шағдат.
Айта кетейік, Шымкент қаласында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша 15582 адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 29 жасқа дейінгі 7 405 жас жұмысқа орналасқан.