logo

Шымкенттік құтқарушылар үгіт-насихат жұмыстарына басымдық берді

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 121 рет

Бұл туралы Шымкент қаласындағы ақпараттық-коммуникациялық орталықта Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерғали Бахаев қатысқан брифингте айтылды.

Бақыланбайтын орындарда шомылу, балық аулау кезінде судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтамау, су айдындардың қасында ересектердің қарауынсыз балалардың болуы – судағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері болып саналатынын айрықша айтқан полковник, су айдындарында келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімдерімен жоспарлы әрі мақсатты үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Аталған жұмыстарға департамент қызметкерлерімен қатар, ерікті студенттер және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жұмылдырылған.
Департамент бастығының орынбасары болуы мүмкін орман және дала өрттерін алдын алу мақсатында биылғы мамырда қала аумағында жалпы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойында 18 шақырым, жергілікті автомобиль жолдары бойында 88,2 шақырым, орман қоры жерлерінде 530 шақырым және егістік алқаптарында 400 шақырым өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілгенін баяндады.
Дегенмен, ағымдағы жылғы жазғы мезгілдің шамадан тыс ыстық болуына байланысты Абай және Қаратау аудандарында 2 бидай өрті тіркеліп, 4 млн. теңге шамасында материалдық шығын келгенін және дала алқаптарында 4 жану жағдайлары орын алып, тілсіз жау 30 гектар аумақты шарпығанын жеткізді. Өртті сөндіру және ауыздықтау жұмыстары ұтымды үйлестіріліп, адам шығындарына жол берілмегені айтылды.