logo

Биыл Шымкентте суға қатысты жазатайым жағдай тіркелмеді

Таңдаулы Биыл Шымкентте суға қатысты жазатайым жағдай тіркелмеді
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 122 рет

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде орналасқан ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерғали Бахаев хабарлады.

«Суға шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дала-орман өрттерінің алдын алу» тақырыбында ұйымдастырылған баспасөз брифингіне аталған департаментке қарасты зілзалаларды азайту және азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау басқармасының бастығы Бауыржан Ізбасаров та қатысты.
Сала мамандарының айтуынша, бүгінде Шымкент қаласы аумағында 4 өзен, 4 су қоймасы, 5 тоған және 22 демалыс орны (аквасаябақтар, саяжайлар және т.б.) бар. Осыған орай, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында төтенше жағдайлар департаментінің мамандары сәуір айынан бастап, түсіндіру іс-шараларын тиянақты үйлестіріп, шомылу маусымында қауіпсіздікті сақтау жұмыстарын жүйелі жүргізген. Нәтижесінде 2019 жылғы сәуір-тамыз айлары аралығында қала аумағында судағы жазатайым оқиғалар тіркелмеген.
Бұл 2018 жылмен салыстырған жақсы көрсеткіш екендігін баяндағын сала мамандары өткен жылы есепті мерзімде Шымкентте суға байланысты 4 жазатайым оқиға орын алып, 2 жас баланың суға батып кеткенін айтты.
Брифинг соңында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары суға шомылу маусымының аяқталуына біршама уақыт бар екендігіне тоқталып, әрдайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.