logo

Айтаханов тұрғындарды қабылдады

Таңдаулы Айтаханов тұрғындарды қабылдады
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 120 рет

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қала басшысы қызметіне кіріскелі алғаш рет Шымкент қаласының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратында өткен қабылдауға келген қала тұрғындары арыз-шағымдары мен мәселелерін қала әкіміне тікелей айтты. Тұрғындардың талап-өтінішін тыңғылықты тыңдаған Е.Айтахановазаматтардың проблемалары бойынша салалық басқарма басшылары мен аудан әкімдеріне және жауапты тұлғаларға тапсырмалар беріп, айтылған мәселелерді зерделеп, заң аясында қолдау көрсетіп, шешуді тапсырды. Ал берілген тапсырмалардың орындалуын өзі жіті бақылауға алатынын айтты.
Қабылдауға келген 10 тұрғын көтерген түрлі мәселелерді 2 сағат бойы тапжылмай тыңдаған қала басшысына тұрғын үй алаптарын сапалы электр жарығымен қамту, коммуналдық төлемдер, тұрғын үймен жер мәселесі және әлеуметтік төлемдер алу жайы жан-жақты айтылды.
Әрбір азаматтың өтінішін тыңдаған әкім айтылған жайттарды заң аясында қарастыратынын әрі кейбір мәселелер бойынша талдау, сараптау жүргізетінін жеткізіп, сала жетекшілеріне тиісті шараларды дер кезінде қабылдап, зерттеп-зерделеу жұмыстарын сапалы атқарып, нәтижесін ұсынуды жүктеді.