logo

Шымкенттік кәсіпкерлер балаларға қуаныш сыйлады

Таңдаулы Шымкенттік кәсіпкерлер балаларға қуаныш сыйлады
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 114 рет

Шымкент қаласының «Наурыз» алаңындабір топ шымкенттік кәсіпкерлерлердің қолдауымен арнайы қайрымдылық іс-шарасы өтті. Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйытқы болуымен өткен акцияда аудан аумағында тұратын 150 балаға қажетті оқу құралдары мен сөмкелер табыс етілді. Сонымен қатар, 30 бүлдіршінге мектепке қажетті мектеп формалары сыйға тартылды.

«Мектепке жол» акциясы аясында өткізілген қайырымдылық шарасында мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер мен жартылай жетім, тұл жетім және аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп отырған балаларға басымдық берілді.
Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ, «Визит» АҚ, «Береке» сауда үйі, «Имран» сауда үйі, «Royal Club»fitness centre»,«Стамбул» мейрамханасы», «Қырғы базар» сынды кәсіпкерлік нысандары демеушілік жасаған игішарада жергілікті өнер ұжымдары өз өнерлерін көрсетіп, жиналған жұртшылықтың көңілін көтерді.
– Бүгінгі жас буынның сапалы білім мен тәлімді тәрбие алуына мемлекет тарапынан лайықты жағдай жасалған. Ал өз кезегінде көмекке мұқтаж отбасылар мен балаларға көмек беру біз секілді кәсіпкерлерге қоғам тарапынан жүктеліп отырған мерейлі міндет. Ал, ол міндетті орындау – бізге абырой, дейді демеушілер.
Аудан әкімі Ғ.Мәуленқұлов 1 қыркүйек – Білім күнініне дейін осы бағыттағы іс-шаралардың аудан аумағында мақсатты жалғасатынын әрі әкімдік тарапынан үйлестіру жұмыстары жүйелі жүргізілетінін айтты.