logo

Шымкенттік полицейлер азаматтарды жолда қабылдады

Таңдаулы Шымкенттік полицейлер азаматтарды жолда қабылдады
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 116 рет

Шымкент қаласы аумағында өткен «Жолда қабылдау» акциясы аясында жергілікті 561 тұрғын полиция қызметкерлеріне жүгініп, өз сауалдарына қажетті жауаптар алды. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаменті хабарлады.

Бұл көрсеткіш 16 тамыз күні таңғы сағат 09.00-ден кешкі 19.00-ге дейінгі аралықтағы мәлімет. Республикалық «Жолда қабылдау» акциясы аясында өткен іс-шара қарапайым азаматтардың көңілінен шыққан секілді. Себебі, аталған шара барысында құқық қорғау қызметкерлеріне жүгініп, кеңес алаушылар саны артып келеді.
Екі күнге созылған акция – азаматтардың құқықтық сауатын көтеру, олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру және тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетуді көздейді. Сондай-ақ, қоғам мен билік арасындағы өзара диалогты түзіп, бекем байланыс орнатуды мақсат тұтады.
Жалпы 16-17 тамыз күндері өткен акция барысында қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция, миграциялық полиция, криминалдық полиция, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау сынды басқарма қызметкерлері тұрғындарды жолда қабылдап, олардың сұрақтарына сауатты жауап берд әрі азаматтардың заңды құқықтарын тиянақты түсіндірді.