logo

Шымкентте спорт күні аталып өтті

Таңдаулы Шымкентте спорт күні аталып өтті
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 220 рет

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбісі ел аумағында Спорт күні ретінде аталып өтіледі. 

Осыған орай, Әлібек Нұртаев жетекшілік ететін Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты салалық спорттық мекемелерқызметшілерінің қатысуымен спартакиада ұйымдастырылды.
20-дан астам ұжым қатысқан сайыставолейболшылар, футболшылар, суға жүзушілер, күресшілер, боксшылар, ауыр атлеттер, жеңіл атлеттер, шаңғышылар, ескекшілер, тенисшілер, оқ атушылар және жоғары спорт шеберлігі мектебі мен басқарма қызметшілерінен жасақталған командалар спорт түрлері бойынша өзара сайысқа түсіп, нағыз мықтыны анықтады.
Қажымұхан атындағы орталық стадионда бастау алған спорттық сайыста қатысушылар өз командаларының намысын қолдан бермеді. Сайыс қортындысына сай І орынға «Оңтүстік футбол академиясы»лайық деп танылса, ІІ орынды №12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, ал, жүлделі ІІІ орынды «Орталық су спорты кешенінің» командасы жеңіп алды.
Спартакиаданың марапаттау рәсімінде Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев спорт саласында жоғары нәтижеге қол жеткізген бір топ шымкенттік үздік спортшыларды марапаттады. Сондай ақ, Қазақстан Республикасы спорт түрлерінен өткен V спартакиада командалық есепте ІІ орынды жеңіп алған сала мамандары мен спортшыларға Спорт комитетінің төс белгілері мен қала әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.