logo

Шымкентте заманауи 8 мал сою бекеті жұмыс істеуде

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 162 рет

Шымкент қаласында заңсыз мал союдыжәне ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы арнайы мәжіліс өткізді.

Салалық басқарма мамандары мен СЭС саласының қызметкерлері және мал сою бекеттерінің өкілдері мен қалалық орталық мешіт бас имамының орынбасары қатысқан жиында ветеринария және санитария талаптарын сақтау, малдарды арнайы мал сою орындарындаміндетті түрде ветеринар мамандарының бақылауымен сою қажеттігі талқыланды.
Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасыныңбөлім басшысы Манарбек Ержігітовтің айтуынша, Шымкентте тиісті талаптарға сай келетін 8 мал сою бекеті жұмыс істейді. Аталған бекеттердіңтазалығытұрақты бақылауға алынып, ондағы еттің сапасы тұрақты зертханалық тексеруден өткізіледі.
Шымкент қаласындағы қолданыстағы нормативтік талаптарға сай жұмыс істейтін мал сою бекеттерінің тізімі мынадай:
«Халал қасап» мал сою бекеті (203-орам 1989-құрылыс);
«Замин» мал сою бекеті (Сайрам елді мекені, Сатыбалдиев көшесі, 13);
«Бәйтерек Агро» АШӨК» мал сою бекеті (Сайрам тұрғын алабы, 72/5);
«Ақ мал ЛДТ» мал сою бекеті (Сайрам елдімекені, Әл-Фараби көшесі, н/з);
«Марат kz» мал сою алаңы (Рашидов көшесі, 55);
«Қазығұрт» БРБ» мал сою алаңы (Қапал батыр көшесі, н/з);
«РАУ» ШҚ» мал сою алаңы («Қазығұрт» кварталы, 2071);
«Миркаликов» ЖК»мал сою алаңы (Сайрам тұрғын алабы, Ә.Темір көшесі, 32а).
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласындағы Дулати көшесінде заңсыз мал союмен айналысқан бекеттердің ісі сотқа өткізілді. Сала мамандарының айтуынша, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізілмек.