logo

Сенатор шымкенттік журналистермен жүздесті

Таңдаулы Сенатор шымкенттік журналистермен жүздесті
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 79 рет

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова Шымкент қаласындағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, мемлекеттік саясат аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндады. 

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен кездесуге қала аумағында әрекет ететін бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері мен қызметкерлері және ардагер журналистер қатысты.
Басқосуда Айгүл Жарылқасынқызы мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жан-жақты айтты. Сондай-ақ Парламенттегі заң жобалары мен онда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде және Шымкентке жасаған іссапары аясында өткен кездесулер туралы ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
Еркін өткен жүздесуде жергілікті журналистер БАҚ-тың мәртебесін көтеру жайында ұсыныстарын айтып, мемлекеттік бағдарламаларға қатысты сауалдар қойды.
Жиын барысында «Шымкент келбеті» газетінің жауапты хатшысы Асхан Майлыбаеваға «Қазақстанның Құрметті журналисі» төсбелгісі табысталып, Қазақстан Журналистер Одағы Шымкент қалалық филиалының алқа мүшелігіне үміткерлерге таңдау жасалды. Жиынға қатысушылардың қолдауымен филиал төрағасы болып «Оңтүстік» телеарнасының директоры Уәли Қыдыр сайланды.
Айта кетейік, бүгінде Шымкентте 170-тен астам бұқаралық ақпарат құралы әрекет етеді.