logo

Шымкентте билет сататын делдалдармен күрес күшейтілмек

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 68 рет

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратындағыақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ержан Жолдасовхабарлады. 

Инспекция жетекшісінің хабарлауынша, жыл басынан бері Шымкенттегі темір жол вокзалына аялдаған жолаушылар поездарында жол құжатынсыз жүрген жүзден астам жолаушы анықталған. Тасымалдаушылар тарапынан да қағида талаптарының бұзылуы бойынша 541 құқық бұзушылық тіркелген.
– 2019 жылдың сәуір айында көлік мәселелері туралы заңға толықтырулар енгізіліп, жолаушылар тасымалдау саласында бақылау жүргізу полиция органдарымен қатар, көліктік бақылау органдарына берілді. Аталған заң 24 мамырдан бастап күшіне еніп, сол күннен бастап инспекция тарапынан қоғамдық көліктерге бақылау жүргізіле бастады. Жыл басынан бері Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті және Шымкент станциясындағы желілік ішкі-істер бөлімінің полиция қызметкерлерімен бірлесіп, темір жол вокзалында билетті заңсыз сатумен айналысқан азаматтарға қарсы бірқатар жұмыстар жүргізілді. Билет алып-сатушылардың жолын кесу мақсатында «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясына»бірнеше ұсыныстар жолданды, – деді Ержан Жақсылықұлы.
«Автокөлік және темір жол саласындағы багажды тасымалдау қағидалары» тақырыбында өткен брифингке жергілікті полиция бөлімі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің жауапты мамандары қатысып, журналистердің сауалдарына жауап берді.