logo

Шымкент қаласы әкімдігінде 7 ай қорытындыланды

Таңдаулы Шымкент қаласы әкімдігінде 7 ай қорытындыланды
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 102 рет

Шымкент қаласы әкімдігінде шаһар басшысы Ерлан Айтахановтың төрағалығымен өткен мәжілісте қаладағы қоғамдық-саяси ахуал сараланып, әлеуметтік-экономикалық дамудың соңғы 7 айлық қорытындысы және республикалық бюджеттің орындалу барысы, азаматтардың статустарын өзектендіру мәселелері жан-жақты талданды. 

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша басқарма басшыларыбаяндамасын баяндама жасады. Сала жетекшілерін тиянақты тыңдаған қала әкімі жұмыстарды жүйелендіру, бағытында нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын міндеттеді.
АтапЯғниайтқанда, аладағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығын сақтау үшін тұрғындарды толғандыратын мәселелер бойынша жауапты басшылар мен мамандардың халықпен кездесуін жиі ұйымдастыруды тапсырды.
Шымкент қаласының даму бағдарламасы аясында 2019 жылға жоспарланған индикаторлар мен көрсеткіштің орындалуын қамтамасыз етуді, олардың орындалуы бойынша ай сайын сараптама жүргізуді сала мамандарына жүктеді.
Жиын барысында дебиторлық және кредиторлық қарыздардың негізсіз пайда болуына жол бермеу және бюджеттің сапалы атқарылуын қамтамасыз ету жайы сөз болды.