logo

Шымкентегі 4 ауданда қысқы жылыту маусымына дайындық жалғасуда

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 109 рет

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерді қысқы жылыту маусымына дайындау жұмыстары жалғасуда. Атқарылып жатқан жұмыстарды аудан басшысы Ғ.Мәуленқұлов аралап, танысты. Тиісті салалық сервистік компаниялардың өкілдеріне нақты міндеттер жүктеп, жоспарлы жұмыстарды кетеге сай жүргізіп, мерзімінде сапалы аяқтауды тапсырды. 

«Отырар» шағынауданындағы көпқабатты үйлерде дайындық шараларын жүргізіп жатқан «ЖилСтройСервис» жауапкершлігі шектеулі серіктестігі атқарып жатқан шаруаларды өз көзімен көріп, жертөлелердегі жұмыстарды бағамдаған аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов сервистік компания өкілдеріне алдағы маусымға дайындық барысының сапасына айрықша басымдық беруді міндеттеді. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындармен жүздесіп, сервистік компаниялармен келісімшартқа тұру жайын талқылады.
Осы орайда аудан әкімдіктері тұрғындардың назарына көп қабатты үйлерді қысқы жылыту маусымына дайындау жұмыстарын сервистік мекемелермен келісімшартқа тұру арқылы жүргізулерін сұрайды.
Айта кетейік, бүгінде миллионнан астам тұрғыны бар Шымкенттегі Әл-Фараби, Абай, Еңбекші, Қаратау аудандары аумағында 2 мыңға жуық көпқабатты тұрғын үйлер бар.