logo

Шымкентте алғаш рет «Қызыл плюсті» бағдаршам орнатылды

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 304 рет

Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Шымкент қаласындағы Қ.Рысқұлбеков – Ғ.Иляев көшелері мен Тәуке хан даңғылы – Сайрам көшесінің қиылысында жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіз және тиімді қозғалу деңгейін арттыру мақсатында «Қызыл плюсті» қосымша реттеуші сигнал – бағдаршам орнатылды.

Егер аталған бағдаршамдарда «қызыл плюс» жанып тұрса, онда ол қарсы бағыттағы көлік құралдарының жүргізушілері үшін қозғалысқа тыйым салынғанын, ал солға бұрылып келе жатқан жүргізушілер қарсы көліктің өтуін күтпестен маневр жасай алатынын хабарлайды. Егер «қызыл плюс» жанбайтын болса, ол қарсы бағыттағы көлік құралдары үшін қозғалыс рұқсат етілгендігін, ал солға бұрылатын жүргізушілер қарсы көліктің жүруін күтуі тиіс екендігі туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 қазандағы № 667 Қаулысымен Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережесіне толықтырулар енгізілді, яғни 5-ші «Сигналдық бағдаршам» бөліміне 5.9-1 тармағы «қызыл «+»-бейнелі бағдаршам» қосылды.
Шымкент қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция департаменті жол техникалық инспекциясының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі Серік Жақсылықовтың айтуынша, алдағы уақытты Шымкент қаласында актокөліктер көп жүретін жол қиылыстарына осындай белгі-бағдаршам орнатау жоспарланып отыр.