logo

Айтаханов «Пожснаб» компаниясының өкілдерін қабылдады

Таңдаулы Айтаханов «Пожснаб» компаниясының өкілдерін қабылдады
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 76 рет

Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов Беларусь Республикасының «Пожснаб» жауапкершілігі шектеулі қоғамының өкілдерін қабылдады. Бұл туралы қала әкімдігінің «shymkent.gov.kz» ресми сайты хабарлады. 

Кездесуге келген беларустық мамандар заманауи өрт сөндіру техникаларын, арнайы жабдықтарын ұсынды және олардың мақсаты мен техникалық сипаттамасын түсіндірді.
Қала басшысы өрт сөндіру техникаларының талапқа сай болу қажеттілігін атап өтті.
– Бүгінде еліміздегі үшінші мегаполис мәртебесін алған Шымкент қаласы халқының саны артып, шаһарда жаңа зәулім ғимараттар салынуда. Ал, мұндай биік ғимараттарда өрт қауіпсіздігін сақтау және тілсіз жаумен күресу оңай шаруа емес. Өрт мезгіл немесе уақыт таңдамайды, кез келген уақытта лап беруі мүмкін. Сондықтан, өрт сөндірушілер заман талабына сай жаңа техникамен қамтылуы қажет, – деді Е.Айтаханов.
Айта кетейік, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментіне қарасты өрт сөндіру бөлімшелеріндегі 75 бірлік техниканың 13 бірлігінің пайдалу уақыты 20 жылдан асқан. Сондықтан ескірген техникалар уақытылы жаңартуды қажет етеді.