logo

Шымкент әкімі жылыту маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды

Таңдаулы Шымкент әкімі жылыту маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 71 рет

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қала басшысы Ерлан Айтаханов шаһардағы жылу беру қазандықтарының жұмыс істеу жүйесімен танысып, әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан қуаттылығы 160 Гкал. болатын қазандықтың жұмысын көрді. Аталған жылу беру орталығы «Нұрсәт» шағынауданындағы 60 көпқабатты тұрғын үй мен 8 әкімшілік ғимаратты жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.
Мұнан соң «Солтүстік» шағынауданындағы РК-3 қазандығының және «3-Энергоорталық» АҚ-да болып, ондағы жұмыс барысын өз көзімен көріп, жылу маусымына дайындық барысын пысықтады. Бүгінгі таңда бұл орталықтардағы қазандықтарда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «3-Энергоорталық» мекемесі қаланың оңтүстік бөлігін жылумен және жылы сумен, сондай-ақ, қала тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз етіп келеді.
Жылу жүйесінің дайындығын өз көзімен көрген Е.Айтаханов салаға жауапты басшыларға нақты тапсырмалар беріп, тұрғындардың белгіленген уақытта жылумен қамтылуын міндеттеді.
Осы күні қала әкімі жылу маусымына байланысты штаб отырысына қатысты. Жиында білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің жылу маусымына дайындығы, жылу жүйелерінің ағымдағы жөндеуі және қаланың тұрғын үй қорын дайындау мәселелері қаралды.
Жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді айтқан қала басшысы отандық метеорологтардың биылғы қыстың суық әрі ұзақ болатынын айтып отырғанын ескертті. Сондықтан, жылу маусымына мұқият әрі тиянақты дайындалу қажеттігін атап өтті.