logo

Шымкентте жаңа автобус бағыттары ашылды

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 77 рет

Бұл туралы «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы хабарлады.

Шымкент қаласында қоғамдық көлік саласындағы сервисті көтеру және жолаушылар тасымалын ұтымды ұйымдастыру мақсатында қосымша 2 автобус бағыттары ашылып, №10 және 113 бағыттағы автобустар қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуді бастап кетті.
№113 бағыттағы автобус жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы «Астана» шағынауданы (Нұрсәт-3 шағынауданы) мен №7 қалалық емхана арасындағы көркем гимнастика мектебі, «Нұрсәт» шағынауданы, Мәделіқожа, ЦАХ, Кең баба аялдамасын қамтып, Қара төбеге дейінгі аралықта қызмет көрсетеді.
Ал, №10 автобус «Астана»(«Нұрсәт-3» шағынауданы) және «Сәуле» шағынаудандары аралығында атап айтқанда, «Түркістан» сарайы, «Теріскей», «Отырар» шағынауданы, «Гипер хаус» сауда үйі, Қ.Қазиев, Б.Момышұлы көшесіжәне Республика даңғылы бойымен қатынайтын жолаушыларды тасымалдайды.
Жаңа бағыттар бойынша сауалдар туындаса, «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі @shymkent_bus парақшасына хабарласып анықтауға болады.
Мамандардың айтуынша, жыл ішінде 1000 автобус жеткізіліп, шаһардың автобус паркін толықтай жыңғырту бағытында жұмыстар атқарылуда.
Айта кетейік, биылШымкентте жаңа «Shymkent Bus» автобус паркі ашылып, Қазақстанда құрастырылған заманауи автобустар қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуді бастады.