logo

Шымкентте алимент өндіруге басымдық берілмек

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 75 рет

Бұл туралы Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясы филиалында «Атқарушылық өндіріс барысында мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, заңнама талаптарының сақталуы мәселелері» тақырыбында өткен мәжілісте айтылды. 

Жиында қалалық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов,қалалық әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Бахтияр Камалов, Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі Нұржан Төребаев, Шымкент қалалық жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы Мадияр Әбдібай сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Қалалық «Nur Otan» партиясы мен қалалық әділет департаменті және жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы бірге меморандум түзді. Енді осықұжатқа сай халық арасында сот актілерін орындаудан жалтарудың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын қалыптастыру үшін аталған құрылымдар бірлесе жұмыс атқармақ.
Мәжілісте қалалық партияфилиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов партия тарапынан халықтың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.
– Партия тұрақты азаматтардың шағымдарын тыңдап, мәселелерді шешуге ықпал ету үшін мемлекеттік органдармен және ұйымдармен байланыс орнатуда. Азаматтарды жиі мазалайтын сұрақтар қатарында сот актілерінің орындалмауын атап өтуге болады. Әсіресе, әлеуметтік маңыздылығы бар істерді – алимент, жалақы өндіру барысына назар аудару керек, деді Б.Нарымбетов.
Мәжіліс соңында жиынға қатысушылар бірлескен іс-шаралар өткізіп, нәтижелі жұмыстар атқаруға уағдаласты.