logo

Шымкенттік өрт сөндірушілер қан тапсырды

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 160 рет

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

Шымкент қаласындағы қан орталығына бұл жолы №5 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы мен өрт сөндірушілері арнайы келіп, қан тапсырды.Өрт сөндірушілер арасынан бөлім бастығының орынбасары Танат Шалдарбеков алғаш рет донор болып отырғанын жеткізіп, қан тапсырудың пайдалы тұстарына тоқталды. Сондай-ақ, өзі қызмет ететін саланың әрдайым қиналған жандарға қолұшын созуды көздейтінін жеткізіп, донор болу бір жағынан мұқтаж азаматтарға, екінші жағынан донорларға пайдалы екендігін айтты.
– Біздің жұмыс адамдарды құтқарумен байланысты. Ант қабылдағаннан кейін біз жұмыстан тыс кезінде де оны орындауымыз қажет, сондықтан да біздің ұжым мұндай іс-шараларды қолдап отырады. Біздің біреуіміз сирек қан тобына ие болуымыз мүмкін, оттан болмаса да, осылайша ол кезде біз бір өмірді құтқара аламыз» – дейдібөлім бастығының орынбасары.
Қан орталығы мамандарының айтуынша, ауруханалардағы жан сақтау, жарақат, онкология, жаңа туылған нәрестелер сынды категориялар негізінен донорлардың қандары мен ондағы компоненттерді тұрақты қажет етеді. Сондықтан донорлар мыңдаған науқастардың өмір сүруіне мүмкіндік береді, дейді.