logo

Сенатор шымкенттік «Сақ»киностудиясына барды

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 74 рет

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова Шымкент қаласындағы «САҚ» киностудиясына арнайы барып, онда іске асып жатқан жаңа жобалармен танысты. 

Киностудия директоры Н.Паттеев пен режиссер Б.Дәуренбеков Сенат депутатын киностудияда қолға алынған жаңа жобалармен жеке-жеке таныстырып, мемлекеттік қолдау арқылы және студияның бастамасы бойынша әзірленген туындалар туралы ой бөлісті.
Айгүл Жарылқасынқызы биыл қабылданған «Кинематография туралы» заң арқылы отандық киноөндірісті қолдауға, ұлттық фильмдердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға заңнамалық негіз жасалғанын айтты. Жұмыс сапары барысында кино және анимация саласын мемлекеттік қолдау жайы жан-жақты сөз болды.
Естеріңізге салайық, «САҚ» киностудиясы «Томпақ», «Қалқанқұлақ» сериалдарымен және «Қошқар мен Теке», «Қазақ елі», анимациялық фильмдері сынды 60-тан астам анимациялық және 6 толықметражды фильм түсірген.
Киностудия соңғы жылдары 10 сериалы «Төле би» киносериалын, «Түркістан», «Ордабасы – бірліктің туы», «Оқсыз оқиғасы»сынды анимациялық фильмдерін көрермен назарына ұсынып, аталмыш туындылар көрермен тарапынан лайықты бағаланған болатын.