logo

Шымкенттік түлектерге 390 білім гранты бөлінді

  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 71 рет

Енді Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен бөлінген 5 мың әлеуметтік білім грантын жергілікті атқарушы органдар конкурстық негізде үлестіреді. 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, аталған білім гранттарына көпбалалы немесе атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасылардан шыққан балалар үміткер бола алады. Конкурсқа қатысу үшін 2019 жылғы маусым айында өткізілген ҰБТ-да шекті балл жинау маңызды болып табылады.Бұл үшін республикалық маңызы бар қалалар мен облыстар әкімдері арнайы конкурстық комиссиялар құрады.
5 мың білім грантының 165-і Нұр-Сұлтан қаласына, 190-ы Алматы қаласына, 390-ы Шымкент қаласына, 540-ы Алматы облысына, 390-ы Ақмола облысына, 180-і Ақтөбе облысына, 220-сы Атырау облысына, 180-і Шығыс Қазақстан облысына, 460-ы Жамбыл облысына, 100-і Батыс Қазақстан облысына, 195-і Қарағанды облысына, 85-і Қостанай облысына, 390-ы Қызылорда облысына, 305-і Маңғыстау облысына, 75-і Павлодар облысына, 60-ы Солтүстік Қазақстан облысына,және ең көп әлеуметтік білім гранттарының 1345-іТүркістан облысына бөлінген.
«Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, «педагогикалық ғылым» бағыты бойынша – кемінде 60 балл жинау керек. Конкурсқақұжаттар 5 мен 10 тамызаралығындақабылданады. Білім гранттарын тағайындау және жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі», – дейді ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты мамандары.