logo

Шымкентте құрылыс нысандары Бас жоспарға сай салынады

Таңдаулы Шымкентте құрылыс нысандары Бас жоспарға сай салынады
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 50 рет

Бұл туралы ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Жеңіс Байымбетов мәлімдеді.

Биылғы алты айда атқарған жұмыстар жайын баяндаған басқарма басшысы алдағы жоспарларымен бөлісті. Бас сәулетшінің айтуынша жақын жылдары шаһардағы бірқатар нысандардың сыртқы келбеті бір жүйеге келтіріледі. Бүгінде қалада құрылыс салынуы қажет аумақтың 90 пайызының егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары жасалған. Шымкентті дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарына сай алда тағы да өзгерістер болуы мүмкін.
Басқарма басшысы жыл басынан бері 19 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілгенін тілге тиек етіп, қала аумағында рұқсатсыз орналастырылған жарнамалық құрылғылармен және заңсыз салынған құрылыс нысандарымен күрес күшейтілетінін айтты. Сондай ақ, Шымкент қаласында жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша 104 нысанның заңсыз салынғаны анықталғанын хабарлады.
Жиын соңында БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берген басқарма басшысы қызмет көрсету сапасын оңтайландыру бағытында «Электронды архитектура» жүйесі қолданысқа енгенін айтып, жаңа жүйенің уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретінін айтты.