logo

Шымкентте «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтті

Таңдаулы Шымкентте «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтті
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 242 рет

Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы «Көрме орталығында» «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-байқауы және «Оңтүстік өнімдері» атты көрме-жәрмеңкесі өтуде.


Көрме-жәрмеңкеге Шымкент қаласында тамақ, дәрі-дірмек, жеңіл өнеркісіп пен құрылыс саласына қажетті өнімдер өндіретін жүзден астам отандық тауар өндіруші компаниялар қатысып, өз өнімдерін көпшіліктің назарына ұсынды.
Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған көрмені Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент қаласыныңғ кәсіпкерлер палатасы бірге ұйымдастырды.
Маңызды іс-шараның ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Г.Құрманбекова Шымкент қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Қ.Молдасейітов және қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Қабыштаев қатысты.
Компаниялардың өнімдері қойылған көрмені аралап, мемлекеттік қолдау шараларының арқасында өндірілетін тауар санының артып келе жатқанын айтқан басшылар жиналған көпшілікті көрменің ашылу салтанатымен құттықтады.
«Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша анықталған жеңімпаз компаниялар жыл соңында Елорда да өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауына қатысуға жодама иеленді.