logo

Шымкент: 11 нысанда жаңа электр желісі тартылуда

Таңдаулы Шымкент: 11 нысанда жаңа электр желісі тартылуда
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 170 рет

Шымкентте электр энергиясымен қамту жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл туралы «shymkala.kz» ақпараттық сайты хабарлады. 

Қазіргі таңда Құрсай шағынауданындағы 1816 тұтынушыға сапалы электр жарығы жеткізілген.
Ал қала аумағына енген Тоғыс тұрғын алабының Шаттық, Тәуелсіздік, Жаңақұрылыс көшелеріндегі 990 тұтынушыға сапалы электр желісін тарту жұмыстарын аяқталды.
Шымкент қаласының энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы берген мәліметтерге сүйенсек, электр желісін тарту жұмыстары қала аумағындағы 11 елдімекен мен шағынауданда жалғасуда.
Сала мамандардың айтуынша Бозарық шағынауданында салынған жаңа қосалқы станция зор мүмкіндіктерге жол ашпақ.
– 2013-2014 жылдарға дейін Шымкентте сапалы электр жарығымен қамту күрмеуі қиын мәселе болды. Қала тұрғындарының сұранысын қамтамасыз ету үшін «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы басталды.
Бүгінде қала халқы 1 миллион болса, «Бозарық» қосалқы станциясы 2 миллионға дейінгі тұтынушыны сапалы электр жарығымен қамтамасыз етуге қуаты жетеді. Міне, сондықтан қазіргі уақытта шағынаудандарда жарықтандыру жұмыстары қарқын алды, – дейді Нұрлан Жаманкөзов.
Бүгінде қаладағы Бадам шағынауданына қарасты 195-орамдағы 828 тұтынушыға сапалы электр желісі тартылуда. Ал, 5 мыңға жуық тұтынушысы бар «Самал-3» шағынауданы жақын арада жарықтандырылмақ. Бұл бағыттағы жұмыстар «Асар-2», «Тассай» тұрғын алаптарында да бастау алды.