logo

Шымкентте жаңа кітаптардың таныстырылымы өтті

Таңдаулы Шымкентте жаңа кітаптардың таныстырылымы өтті
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 12 рет

Шымкент қаласындағы «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында» «Дәстүрім – асыл қазынам» энциклопедиялық жинағы мен «Ұлттық киімдер» атты (фотоальбом) кітаптардың таныстырылымы өтті


Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының ұйытқы болуымен қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген кітаптар бүгінгі күні қолданыстан шығып, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлер мен жөн-жоралғыларды және ұлтық ойындар мен рухани асыл мұраларды қайта жаңдандыруды көздейді.
Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ә.Сәкен, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Ғ.Ташқараев, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Б.Қуанышбеков, «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры К.Айдарбекова, Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі З.Оралбаева мен жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жиналғандар алдында сөз алған «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры К.Айдарбекова қос кітаптың ішкі мазмұнына тоқталып, алдағы уақытта аталған кітаптардың қала аумағындағы кітапханаларға таратылатынын жеткізді.