logo

Шымкент қаласы 10 бағыт бойынша өркендейді

Таңдаулы Шымкент қаласы 10 бағыт бойынша өркендейді
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 15 рет

Шымкент қаласының әкімдігінде қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асыру жөнінде мәжіліс өтті. 

Шаһар басшысы алдағы бес жылда Шымкентті 10 бағыт бойынша дамыту көзделіп отырғандығын айтты. Айқындалған бағыттардың барлығы орталық мемлекеттік органдармен, салалық министрліктермен келісілген. Кешенді жоспар көлік инфрақұрылымын жүргізу,, тұрғын үй құрылысын дамыту, білім беру, спорт, мәдениет, денсаулық сақтау, абаттандыру, қауіпсіздікті сақтау, индустриалды аймақтарды дамыту бағыттарын қамтиды. Жоспарланған қаржының 65 пайызы немесе 836 млрд. теңге қажатат жеке инвесторлар есебінен жұмсалмақ.
– УӘр жобаға жауапты адамдар бекітіледі. Жобаны іске асыруға әкімдіктің әрбір мүшесін белсенді атсалысуға шақырамын. Алға қойған мақсаттар айқын. Бізде барлық мүмкіндік бар. Кадрлар да жеткілікті. Тапсырма бойынша депутаттық топтар өз сайлаушыларымен кездесіп, жобаларды таныстыруы қажет. Аудан әкімдеріне де осындай тапсырма беріледі, – деді қала әкімі.
Еске салсақ, жуырда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің басшылығымен Үкімет отырысы өтті. Онда Шымкент қаласының əкімі Ғабидолла Әбдірахымов 2023 жылға дейінгі кезеңде шаһарды дамытудың кешенді жоспарын таныстырған болатын. Қаланы дамыту үшін жалпы құны 1 трлн 284 млрд теңгені құрайтын 10 бағыт бойынша 89 жоба ел Үкіметі тарапынан қолдау тапты.