logo

Шымкентте құрылыс тәртібіне бақылау күшейтілді

Таңдаулы Шымкентте құрылыс тәртібіне бақылау күшейтілді
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 189 рет

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Б.Дүйсенов хабарлады. 

Берік Тастанбекұлының айтуынша, Шымкент қаласында «Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заң талаптарын бұзған 214 тұлға әкімшілік жауапқа тартылған. Басқарма мамандары биылғы алғашқы жарты жылдықта әкімшілік жауапқа тартылған тұлғаларға 63 миллион теңгеге жуық айыппұл салған.
– Шымкент – ел аумағындағы ірі шаһар. Қала аумағында жүргізілетін құрылыс заңды әрі сәулетті болуы шарт. Жыл басынан бері өз бетімен құрылыс жүргізген тұлғаларға қатысты 9 құрылыс нысанына шара көру туралы сотқа арыз жолданды. Сот шешімімен оның төртеуі бұзылды. Осындай қолайсыздықтың алдын алу үшін әрбір жеке немесе заңды тұлға құрылыс жұмыстарын бастағаны туралы хабарламаны басқармаға жолдауы тиіс, – деді басқарма басшысы.
Естеріңізге салайық, биылғы жылы қалалық салалық басқармаға құрылыс-монтаж жұмыстарын бастағаны туралы 126 хабарлама түскен.