logo

Шымкентте дәрі-дәрмекке бақылау күшейтіледі

Таңдаулы Шымкентте дәрі-дәрмекке бақылау күшейтіледі
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 144 рет

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің комитет төрайымы Л.Бюрабекова, «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі төрағасының міндетін атқарушы Б.Шәріп Шымкент қаласы әкімдігінде орналасқан ақпараттық-коммуникациялық орталықта мәлімдеді. 

Қала аумағындағы мемлекеттік және жекеменшік денсаулық ұйымдарының жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысқан жиында дәрі-дәрмекке бақылау жасау шараларын күшейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты айтылды.
«СҚ-Фармация» ЖШС төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп Шымкент қаласы бойынша 2019 жылға жалпы құны 4,8 млрд. теңгені құрайтын амбулаториялық дәрімен қамтамасыз етуге ұсыныс түскенін хабарлап, ел тұрғындарын сапалы дәрі-дәрмекпен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыс жайын баяндады. Арнайы есепте тұратын азаматтарды тегін дәрімен қамту және препараттарды рецептімен сату жайлы мәлімет алу үшін1439 қысқа нөмірі бойынша қызмет көрсететін Саll-орталық хабарласуға болатынын айтты.
Брифингте министрліктің комитет төрайымы Л.Бюрабекова дәріханалардағы дәрі-дәрмектің бағасын реттеу, рецептімен сату және контрабандалық дәрілерге қарсы қарсы күресті күшейту бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпар беріп, заңнамалық актілерге енгізілген өзгеріс жайын түсіндірді.