logo

Шымкентте белсенді өмір сүру орталығы ашылды

Таңдаулы Шымкентте белсенді өмір сүру орталығы ашылды
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 258 рет

Шымкентте қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен «Асыл жүрек» әлеуметтік-медициналық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылып, ел игілігіне берілді. 

Белсенді өмір сүру орталығының салтанатты ашылу рәсімінде қала басшысы жиналған көпшілік алдында сөз сөйлеп, жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
– Жылдың басындағы есептік кездесуде қала тұрғындары Шымкенттен қарт кісілерге өмір салтын жақсартатын арнайы орталық ашу туралы ұсыныс білдірген еді. Міне, бүгін сол орталықты пайдалануға беріп отырмыз. Зейнеткерлер мен қариялар бұл орталыққа отбасымен, немерелерімен келе алады, – деді қала әкімі Ғ.Әбдірахымов.
Бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында салынған орталықта кітапхана, жаттығу залы, кино зал, интернет-кафе, физиологиялық кабинетпен қатар, үстел теннисі мен бильярд ойнауға лайықты жағдайлар жасалған.
Сала мамандарының айтуынша, алдағы уақытта жаңа орталықта шымкенттік зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар осында бос уақыттарын өткізіп, өздеріне пайдалы дүниелермен айналыса алады. Сондай-ақ, мұнда зейнеткерлерге әлеуметтік және медициналық қызметтер тегін көрсетілмек.