logo

Шымкентте жаңа демалыс аймағы ашылды

Таңдаулы Шымкентте жаңа демалыс аймағы ашылды
  • Бөлім:  Қоғам
  • Оқылды 325 рет

Шымкент қаласындағы Бадам су қоймасы жағалауынан «Hawaii Shymkent» заманауи демалыс аймағы ашылды. 

Шымкент қаласы әкімнің орынбасары Данат Жумин, Халық қаһарманы, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, белгілі күйші Секен Тұрысбеков, жазушы Мархабат Байғұт сынды азаматтар арнайы қатысқан салтанатты іс-шарада демалыс аймағының құрылтайшысы Төкен Танабекұлы соңғы үлгіде салынған жаңа кешенді қонақтарға таныстырды.
Қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың құттықтауын жеткізген қала әкімінің орынбасары Д.Жумин жаңа демалыс аймағының Шымкентте туризм саласын дамытуға сүбелі үлес қосатынын айтты.
Түрлі дәмханалар мен мейрамханалар, балалар алаңшалары, бассейндер, коттедждер салынған аймақта демалушыларға лайықты жағдай жасалған. Жалпы 6 гектарға жуық аумақты алып жатқан кешен бір мезетте екі мың адамға қызмет көрсетуге қауқарлы.
Құрылыс жұмыстарына 1 млрд. 250 млн теңге инвестиция бағытталған демалыс аймағы жыл он екі ай үздіксіз жұмыс істейтін болады. Бүгінде 85 адам тұрақты жұмыспен қамтылған кешен маңынан тағы да бірқатар жобалар жүзеге асуда.